Қоғам

Елордада өтетін әскери шеруге байланысты бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

«Қазақ Ел» алаңында 7 мамырда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуының 25 жылдығы мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күніне арналған әскери шеруге дайындық жүргізу мен шеруді өткізуге байланысты қорғаныс министрлігі 02 мамырдан 05 мамырға дейін«Қазақ Ел» алаңында жаттығулар мен репетициялар өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайдыелордалық ІІД баспасөз қызметі.

— 02 мамырдасағат 12.00-ден 14.30-ге дейін;

— 3 және 4 мамырда сағат10.00-ден 12.00-ге дейін;

— 05 мамырдасағат 12.00-ден 14.30-ға дейін;

— 07 мамырдасағат 06.00-ден 15.00-ге дейін.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың келесі көшелерінде қозғалыс шектеледі:

—  40-шы станциядан Байырқұм көшесіне дейін, Қошқарбаев көшесіндегі көпір астына дейін;

— Қошқарбаев көшесіндегі көпір астынан Б. Момышұлы даңғылына дейін;

— Тәуелсіздік даңғылы Б.Майлин көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін (мектеп);

—  Ш. Қалдаяқов көшесі М3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;

— Нәжімеденов көшесі Ш. Қалдаяқов көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;

—  Байтұрсынов көшесі Қошқарбаев көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;

—  Қошқарбаев көшесі Б.Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін;

— Б. Момышұлы даңғылы Сәтбаев көшесінен Дарабоз көшесіне дейін.

9 мамырда 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күнін тойлауға байланыстысағат09.00-ден 13.00-ге дейін «Жаужүрек полктің» жаяу және механикаландырылған колоннасы жүріп өтетін Тәуелсіздік көшесінің Қалдаяқов көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс шектеледі.

Close