Қоғам

Астанада оқу жылының басталуы 12 күнге кейін қалдырылуы мүмкін

Астанада оқу жылының басталу уақытын ауыстыру мәселесі қаралуда. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлімдеді, деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

«Астана туралы айтатын болсақ, EXPO-2017 көрмесіне байланысты расында да жол-көлік желісіне үлкен салмақ түсу мүмкіндігі бар. Сондықтан елорданың білім Басқармасы1 қыркүйек күні әдеттегідей «Алғашқы қоңырауды» өткізіп, бірақ сабақты 12 қыркүйекте бастауды ұсынды», — деді Суханбердиева.

Вице-министр еліміздегі әрбір қаланың өз аумағындағы оқу жылының басталуы мерзімін өзі шеше алатынын айтты. ҚР БҒМ бұл мәселе бүкіл елге қатысты болғанда ғана бұйрық бере алады. Сондықтан оқу жылының басталу уақытын білім Басқармасы елорда әкімдігімен бірге шешетін болады.

«Біз бастауыш сыныптарда неше қосымша күн болатынын есептедік. Егер бастауыш мектептегі бескүндік болса– оларға қосымша 5 күн, үлкен сыныптар үшін – қосымша 8күн қажет. Олар тақырыптарды қалай қайталайды, қазір бұл мәселе қаралып жатыр, бірақ әлі келіссөз күйінде», — деді вице-министр.

Еске сала кетейік, EXPO-2017 көрмесі2017 жылдың 10 маусымында басталып, 9 қыркүйекте аяқталады.

Close