Қоғам

Астанада І тоқсанда инвестиция көлемі 43,4%-ке өсті

Инвестициялардың ең көп үлесі жылжымайтын мүлік операцияларына, ең аз бөлігі – өнер, ойын-сауық пен демалыс саласына тиесілі, деп хабарлайды Elorda.info.

«Қала экономикасына 2017 жылдың қаңтар мен наурыз айларының аралығында 122,7 млрд теңге инвестицияланған, бұл — өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 43,4% жоғары», — деп хабарлады Elorda.info-ға елордалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы.

Негізгі капиталға салынған инвестицияны қаржыландырудың басты көзі – кәсіпорындардың өз қаражаты – 72,7% (89,2 млрд теңге), бюджет қаражатының үлесі — 14,6% (18 млрд теңге), банктердің несиелері – 4,1% (5 млрд теңге), қарыз ақшалар – 8,6% (10,5 млрд теңге).

Есепті кезеңдегі инвестицияның үлкен үлесі салалық ерекшеліктер бойынша – 37,4 млрд теңге (инвестицияның жалпы көлемінің 30,5%-і) – жылжымайтын мүлік операцияларына тиесілі; 26,5 млрд теңге немесе (21,6%) әкімшілік және қосалқы қызмет саласына инвестицияланған; 20,1 млрд теңге (16,3%) – өнеркәсіпке инвестицияланған.

Қаңтар-наурызда көлік пен қаттауға салынған инвестиция көлемі 18,9 млрд теңге (15,4%), білімге – 5,1 млрд теңге (4,2%), өмір сүру мен тамақтану қызметтеріне – 3,8 млрд теңге (3,1%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке салынған инвестиция көлемі 2,4 млрд теңге (1,9%) болды.

Инвестицияның ең аз көлемі көтерме және бөлшек саудаға, автокөлік пен мотоцикл жөндеуге тиесілі – 2,3 млрд теңгеден (1,9%); құрылысқа – 1,6 млрд теңге (1,3%), денсаулық сақтауға – 1,6 млрд теңге (1,3%), ақпарат және байланысқа – 1,3 млрд теңге (1%), қаржы және сақтандыру қызметіне – 1,2 млрд теңге (1%), сондай-ақ өнер, ойын-сауық пен демалыс саласына – 0,6 млрд теңге немесе 0,5% тиесілі.


comments powered by HyperComments
Close