Астанада І тоқсанда 8,7 мыңнан астам отбасы қоныс тойын тойлады

Бірінші тоқсанда Қазақстан астанасында 907 мың шаршы метр пайдалануға берілді, бұл 2016 жылғы дәл осы кезең көрсеткішімен салыстырғанда 64,7% көп, деп хабарлайды Elorda.info қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасына сілтеме жасай отырып.
«Осының арқасында Астанада 8780 отбасы қоныс тойын тойлады», — деп атап көрсетеді басқарма.
Сонымен бірге, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында2017-2021 жылдары Астанада100 мыңнан астам пәтер тапсыру жоспарланып отыр, оның 40 мың пәтерінің бағасы — 230 мың теңге мен 300 мың теңге аралығында; 2017 жылы 25 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі.
«Апатты және ескі үйлерді сүру» бағдарламасы аясында қаладағы117 апатты екі қабатты үй сүрілді (барлығы жыл соңына дейін 228 үй сүріледі), олардың орнына жалпы аумағы 505 мың шаршы метр болатын тұрғын үй кешендері салынады, бұл — 6 759 пәтер.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын елорда басшылығы Астана аумағын игеруді түбегейлі өзгертуді ұсынған болатын. Елорданың 2025 жылға дейін игерілетін 22 мың гектар аумағының шекарасы айқындалды, бұл аумақ инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін болады.
Осы аумақта 40 млн шаршы метр баспана салынуы мүмкін (2 млн тұрғын).
Құрылыстағы басымдықты көне ғимараттарды сүру және қайта қалпына келтіру мен көпқабатты заманауи нысандар салу арқылы қаланың оң жағалауына көшіру ұсынылып отыр.
Сондай-ақ қарқынды құрылыс Мәңгілік Ел, Тұран даңғылдары мен Мыңжылдық аллеясында да жалғасады.