Астанада геронтология орталығы ашылды

Мекеме сапалы диагностикалық шаралар жүргізуге арналған заманауи медициалық құралдармен жабдықталған, деп хабарлайды Elorda.info.

Геронтологиялық орталық №4 қалалық емханада жұмыс істей бастады (Шевченко көшесі,1).

«Орталықты құрудағы негізгі мақсаттардың бірі – ересек және егде жастағы адамдардың жай-күйін кешенді гериатриялық бағалау. Кешенді гериатриялық бағалау — ересек және егде жастағы адамдарды көпөлшемді, көппрофильді диагностикалық бағалау», — деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Кешенді гериатриялық бағалауға дәрігер-гериатр, кардиолог, невролог, психолог, әлеуметтік қызметкер, клиникалық фармаколог қатысады.

Орталықта мамандар емделушінің физикалық және функционалдық жай-күйін, оның жадын, эмоциналдық жағдайын, дәрілік терапияның қауіпсіздігін бағалайды, сонымен қатар тамақтану мәселелері бойынша кеңес береді, емдік-физикалық жаттығулар, емдеу, күту мен сауықтырудың жеке жоспарын әзірлейді.

Орталық сапалы диагностикалық шаралар өткізуге арналған заманауи медициналық құралдармен жабдықталған.

«Мұндай Орталықтың ашылуы қарт кісілер үшін маңызды уақиға, себебі бұл «осы жерде және қазір» принципі бойынша бір медициналық мекеме жағдайындағы дәрігерлік көмектің қолжетімділігін арттырады», — деп атап өтті басқармадағылар.