Қоғам

Астанада ЭКСПО уақытында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қою транспорт желісін жеңілдетеді

7 маусым мен 12 қыркүйек аралығында сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін салмағы 3,5 тоннадан асатын барлық жүк көліктеріне шектеу қойылатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

Бұл шара Астана қаласының көлік жүйесін кептелістен арылтуға мүмкіндік береді. Мекемелердің қолайлылығы мен коммерциялық қызметін жүзеге асыру үшін жүк көліктеріне сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін қатынауға рұқсат беріледі.

Ал аса ауыр жүк көліктері үшін шектеу аймағына кірмейтін айналмалы жолдар бар.

Close