Қоғам

Астанада әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандардың тек 221-і ғана мүгедектердің қажеттіліктеріне бейімделген

Астана әкімдігі білім, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімділігіне зерттеу жүргізуде, деп хабарлайды Elorda.info.

«Бүгінгі күні паспортталған нысандардың саны — 479, оның 221 нысаны -бейімделген, немесе ішінара бейімделген. Нысандарды паспорттау жұмыстары жалғасуда. Сонымен бірге қаладағы пандустардың жалпы санына есеп жүргізілмейді», — деп хабарлады Elorda.info-ға жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы.
Басқарма құқықты қамтамасыз ету мен мүгедектердің өмір сапасын жақсартудың 2012-2018 жылдарға арналғаніс-шаралары жоспарын орындау аясында қаладағы аудандық әкімдіктер мен басқа да мүдделі орган өкілдерінің білім, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерліктің барлық нысандарының мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімділігін зерттеп жатқандығын еске салды.
21 сәуірде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жөніндегі кеңесте Астана әкімі Әсет Исекешевтің назарын елорданы абаттандыруға байланысты мәселелерге аударған болатын.
Атап айтқанда, Н.Назарбаев көптеген нысандардың мүгедектерге қолжетімсіз екендігін, пандустардың «тіпті сау адамның өзі көтеріле алмайтындай» тым биік екендігін айтқан болатын.
Осыған байланысты Ә.Исекешев қалалық еңбек, әлеуметтік қорғау мен миграция департаментіне барлық пандустардың құрылыс нормативтеріне қаншалықты сай екендігін зерттеуді және оларды қайта жабдықтауды тапсырған.
«Тұтастай алғанда қалада мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандары — 55,9%. Мұны жою қажет», — деп атап өткен болатынӘ.Исекешев әкімдікте өткен кеңесте.


comments powered by HyperComments
Close