Қоғам

Астанада 380 жаңа жайлы автобус жүретін болады

Әсет Исекешев елорданың қоғамдық көлігінің жұмысын тексерді, деп хабарлайды Elorda.info.

Астана әкімі елорданың автобус паркін жаңалауды тапсырды, деп хабарлады жұма күні қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қала әкімі №1 қалалық автопаркте кәсіпорынның, Аstana LRT, қалалық қоғамдық көлік басқармасының басшылығымен және полиция қызметінің қызметкерлерімен кеңес өткізді.
«Әсет Исекешев жаңа автобустардың жеткізілімдерін қысқа мерзімде қамтамасыз етуді және ескі көлікті жаңасына ауыстыруды тапсырды. Қазіргі уақытта қалалық автопарктерге 28 автобус жеткізілген. 2017 жылдың 1 маусымына дейін Астанаға 380 жаңа жайлы қоғамдық көлік жеткізілуге тиіс» делінген хабарламада.
«Қоғамдық көлік ыңғайлы әрі жайлы болуы тиіс. Автобустардағы кондиционерлердің жұмысын ретке келтіруді тапсырамын. Мұндай техникалық ақаулар болмауға тиіс», – деді Ә. Исекешев.


Статьи по теме

Close