Қоғам

Астанада 2030 жылға дейін ЖТҚ-на15 мың шамасында жер телімін бөлу жоспарланып отыр

Қазір елордада 119 218 адам жер алу кезегінде тұр, деп хабарлайды Elorda.info. «ҚР үкіметі қаулысымен бекітілген 15.08.2001 жылғы №1064 (барлық енгізілетін түзетулерімен) Астана қаласының перспективалық дамуының бас жоспарына сәйкес, 2030 жылға дейін елордада жеке тұрғын үй салуға арналған 15 мыңға жуық жер телімін ұсыну мүмкіндігі қарастырылуда», — деп хабарлады Elorda.info-ға қалалықжер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы.

Басқарма Астана тұрғындарының қай уақыттан бастап мемлекеттен жер ала алатынын нақтымаламады.

Қалада инженерлік және су-электрмен қамтамасыз ету желілерімен қамтылған бөлуге арналған бос жерлер мен дайындалған алаңдардың жоқтығына байланысты 2007 жылдан бері ЖТҚ мақсатына жер берілмейді.

2017 жылдың 24 сәуірдегі мәлімет бойынша, Астанада ЖТҚ жер телімін алу кезегінде 119 218 адам тұр.

Республиамыздың жер кодексіне сәйкес, Қазақстан азаматтарының жеке меншігіне 0,10 га көлеміндегі ЖТҚ жер телімдері тегін беріледі.

Аталған мақсатта екінші мәрте тегін жер берілмейді.


Статьи по теме

Close