Астанада 13 көшеге автобустар қозғалысы үшін белгіленген жолақ енгізіледі

2017 жылдың 3-маусымынан бастап Bus Lane қоғамдық көліктерінің қозғалысы үшін белгіленген жолағы бар 13 аумақ пайда болады. Енгізілетін учаскелердің ұзындығы – 10,6 шақырымды құрайды, — деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы. 

Бұған дейін Bus Lane жолақтары 11 аумаққа енгізілген болатын (ұзындығы – 38,4 шақырым).  Осылайша, олардың жалпы саны 24-ке жетті, ал учаскелердің ұзындығы — 79 шақырым.

Қала әкімдігінде өткен брифингте енгізілетін қосымша Bus Lane жолақтар қоғамдық көліктер үшін ғана емес, жедел-жәрдем, өрт сөндіру, полиция қызметі және ресми такси қызметінің орташа жылдамдық мөлшерін өсіруге мүмкіндік беретіні айтылды.