Қоғам

Астанада 1 мамырда өтетін шаралар бағдарламасы белгілі болды

Мерекелік концерт пен халықтық серуен елорданың екі басты алаңында өтеді, деп хабарлайды Elorda.info.

Қалалық билік Қазақстан халқының бірлігі Күніне арналған шаралар жоспарымен таныстырды.

26 сәуір мен 3 мамыр аралығында «АЛЖИР» музейінде «Халықтар достығы – ел бірлігі» көрмесі ұйымдастырылады.

28 сәуірде Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқының бірлігі Күніне арналған көрме өтеді.

29 сәуірде «Астана» концерт залында «Сарыарқа» халық аспаптар ансамблінің «Ауылым» атты концерті өтеді, 30 сәуірде М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры«Примадонналар» комедиясын ұсынады.

1 мамырда «Астана» концерт залында Шолпан Қорғанбектің «Астана менің шабытым» атты шығармашылық кеші болады.

Елордадағы мереке «Қазақ Елі» алаңы және қалалық әкімдік алдындағы алаңда өтетін мерекелік концерт пен халықтық серуенмен аяқталады.

Close