Қоғам

АСТАНА – ТАЗА ҚАЛА

Қала әкімі Әсет Исекешев барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың өздеріне қарасты ауланы тазартып, ескі дәстүрді жаңғыртуға үндеді. Оның шешімімен бүгіннен бастап қалада экологиялық айлық басталды.

25423542

Елордалықтар қолына күрек алып, тазалау жұмыстарына білек сыбана кірісті. Мәселен, кеше Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек бастаған 50-ге жуық аппарат қызметкері сенбілікке атсалысты.

Қан тапсыру орталығы мен Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы да қалыс қалмады. «Алма», «Керуен» және «Хан Шатыр» сауда орталықтары қала тазалығын сақтауға үлес қосты. Қазақ мемлекеттік заң университеті, Назарбаев зияткерлік мектебі, «Дарын» лицейі, №77 және №24 мектептері жаппай сенбілік өткізді. Сондай-ақ, онда «Қыз Жібек» пен «Нұрсәуле» балабақшаларының қызметкерлері де белсенділік танытты.

Айта кетейік, «Астана – таза қала» шарасы әр жұма сайын ұйымдастырылып, 15 мамырға дейін жалғасады.

Әсем қаламыздың тазалығы әркімнің қолында екендігін ұмытпаған жөн.

 

Теги

Статьи по теме

Читайте также...

Close
Close