Қоғам

Астана климаты соңғы 100 жылда қалай өзгерді?

Метеорологиялық бақылау нәтижесі бойынша, соңғы ғасырда бүгінгі Қазақстанның астанасында ауа температурасы тұтас 3 градусқа жоғрылаған.

Тек қана соңғы он жылдың өзінде қаңтар, ақпан, сәуір, қазан және желтоқсан айларында температураның максимумдық көрсеткіші «бұғауланған». «Казгидромет» синоптиктерінің айтуынша, алдағы жылдары Астананың қысы қазіргіден де жылып, жазы ыстық бола үседі.

36-ның суық жазы

Астана ауа райы тез өзгергіш және әр мезгілі ерекше «мінезге» ие континентальды климат белдеуінде орналасқан. Қаланың жазық жерде орналасуы арктикалық суық ауаның да, Каспий жағалауы мен Орта Азия шөлінің жылы ауа массасының да кедергісіз жетуіне жол ашады. Сол себепті де, Астанаға температураның және тұтас ауаның құбылмалылығы тән. Мәселен, қыс күнінде ауа райы ызғарлы аяздан бірден жылымыққа және жауынға, ал жаз уағында +35°C ыстықтан бірден тоңдыратын салқын ауаға ауысуы мүмкін.

«Казгидрометорталығы», өзінің бақылау жұмыстарына сүйене отырып, Қазақстан астанасының климаты туралы бірқатар қызықты фактілер ұсынып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен, Астананың ең суық айы —  қаңтар: орташа температура   14,2°С-қа тең, түнде ол көрсеткіш 20°С төмендеуі мүмкін, ал күндіз 10°С-қа дейін көтеріледі. Астана тарихында бүгінге дейінгі ең төменгі орташа көрсеткіш 1893 жылғы қаңтарда болған (-51,6°С).

Ең ыстық ай – шілде. Бұл айда орташа температура 20,8°С-ты құрайды, түнгі орташа температура шамамен 15,0°С. Күндіз ауа көрсеткіші 26°С және одан да жоғары ысиды. 1936 жылдың 22 шілдесі күні бұл қаладағы ең жоғары ауа температурасын көрсеткен, яғни +41,6 °С болған. Сол жылдың 6 шілдесінде жаз маусымындағы ең төменгі температураға түскен, яғни ауа температурасы 2,3°С қана болған. Осылайша бір айдың ішінде Астананың ауа райы 43°С-тан аса өзгерісті көрсеткен!

Ең ыстық ай жауын-шашыны көлемі жағынан да ең жоғары көрсеткішке ие – орташа есеппен бұл айда бір жылдағы 318 мм жауын-шашынның 50 мм шамасындағы мөлшері жауады. 1972 жылдың 12 шілдесінде бір тәулікте 86 мм, яғни, бір айдағы жауын-шашын мөлшеріне шаққанда 172% көлемінде жауын жауған.

Қарлы маусым

Зерттеу тарихында бір ай бойы мүлдем жауын-шашын жаумаған кездер де болған. Ол — 1902 жылғы наурыз бен 1963 жылғы сәуір айы.

1932 жылы қаланың аумағында ерекше жағдай тіркелген: қалада қаңтар және ақпан айларында – тұтас екі ай бойы мүлдем қар да, жауын да жаумаған.

Астанада ақпан айынан басқа барлық айларда кәдімгі жауын жауа береді.

 

 

 

 

 

 

Жаз айларында ешқашан қар жаумайды, алайда, қаланың ескі тарихында маусым айында қар аралас жауын жауған кездері болған.

Елордада аспанында шөкімдей бұлты жоқ ашық күндер көп болмайды, орта есеппен бір жылда 40 күн ғана, ал бүкіл аспаны бұлт торлайтын күндер шамамен бір жылда 140 рет болады.

Орташа есеппен бір жылда 140 күн бойы Астана қарға оранады. Қар қалың жауатын мезгіл — негізінен қыстың соңы мен көктем айларының басы, жаңа жауған қардың қалыңдығы қалада 154 cм-ге дейін жеткен кездері болған. Әдетте Астанада қыс соңына қарай қар қалыңдығы 20 см-ге дейін жауады.

Елорда климаты қалай өзгереді?

Метеорологтарың айтуы бойынша, Қазақстан климаты соңғы онжылдықтарда қатты өзгеріске ұшырап жүрген жаһандық климаттың ықпалына өте бейім. Еуразиялық континенттің орталығында және мұхиттан едәуір алыс (2000-3000 км) орналасқан Қазақстан территориясы солтүстік жартышар мен жер шарының орта тұсына қарағанда өте жылдам қарқынмен жылынады.  

Астанада 1892-2016 жылдар аралығында жылдық орташа температураның көтерілуі әр 10 жылда 0,23°С құраған.  Ал соңғы  онжылдықта (1976-2016 жж) температураның көтерілу жылдамдығы екі есе артып, әр 10 жыл 0,46°С-қа жеткен.

 

 

 

 

 

 

1976-2015 жылдардағы әрбір он жыл сайын алдыңғыдан жыли түсіп отырған: 1976-1985 жылдардағы орташа жылу температурасы жылына +2,8°С; 1986-1995 жылдарда +3,1°С;  1996-2005 жылдарда +3,8°С; ал 2006-2015 жылдарда ол +4,1°С-ты құраған.

Қаңтар және шілде айларынан басқа көптеген айларға осы тенденция тән.  1996-2005 жылдар аралығында қаңтар айындағы орташа температура әр жыл сайынғы көрсеткіштен төмендеп отырған: 14,0°С-тан 13,2°С-қа; ал соңғы  онжылдықта одан бетер төмендеп, бар жоғы -16,5°С

 

 

 

 

 

 

 

Дәл осындай жағдай шілде айында да байқалады, алайда бұл айда температура төмендей түсіп, 1976-1985 жылдардағы 20,9°С-тан  2006-2015 жылдары 20,4 °С-қа өзгерген.

«Тек осы айларда ғана ұзақ уақыт аралығында ауа температурасында қандай да бір тенденция байқалмайды, температураның жоғары және төмен ауытқушылығы алмасып отырады. Қалған айларда жерүсті ауа температурасы көтеріліп, бір жылдағы орташа жерүсті ауа температурасының көтерілуіне әсер етеді» дейді «Казгидромет» мамандары.

Сонымен Астанада жазғы уақытта Цельсия бойынша температурасы 25 градустан жоғары күндердің саны артады, сонымен қатар тәуліктік ең төмен температура нөлден төмендеп, аязды күндердің қайталануы азаяды. Біртіндеп вегетация уақыты артады, яғни қала өзінің жасыл желегін ұзағырақ сақтай алады.

Бұл өзгерістерге қандай факторлар әсер етті? Бәрінің басты себебі – жаһандық жылыну…

Жаңарған рекордтар

Астанада соңғы рет ауа температурасы абсолютті минимумға және абсолютті максимумға қай кезде жақындады?

 

 

 

 

 

 

 

 

«Казгидромет» ақпараты бойынша, қазіргі ғасырда орташа айлық ауа температурасындағы бірқатар рекорд жаңарған. Ерекше жағдайлар маусым айында (ең жоғары температура 1991 жылы болған), тамыз (1998 ж.) және қазан (1997 ж.) айларында болған.  Сондай-ақ ең жылы айлар соңғы 26 жылдан байқалған. (1991-2016 жж.).

Табалдырығымыздан аттаған ғасырда (2001 — 2016 жылдар арасында) ең жоғары температура (+40,1°С) 2005 жылдың 7 шілдесінде болған. Ең төменгі температура (-40,6°С) 2012 жылдың 15 желтоқсанында тіркелген.

Үш айдың температуралы максимум рекорды да жаңарған. 2008 жылдың 7 желтоқсанында ең жоғары температура болған. Ол — Цельсия бойынша бір кезде тіркелгендей +4,5. 2015 жылдың 8 қаңтарында температура +3,8 градусқа дейін өскен. 2016 жылғы 26 ақпанда ақпанның ең жылы күні болған, ол күні күннің максимум температурасы +8,2-ге көтерілген.

Температураның абсолютті минимум көрсеткіші барлық ай бойынша өткен тарихта ғана қалып қойған.

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңғы онжылдықта бір тәуліктегі мөлшері бойынша ең көп жауын жауған күні — 2008 жылдың 3 тамызы (31,1 мм), бұл 1972 жылғы 12 шілдедегі рекордтық көрсеткіштен екі есе аз. Бірақ 2015 жылдың мамыр айында жауын-шашынның айлық рекордтық көрсеткіші өзгеріп, бір айлық норманың 326% немесе 35 мм а йлық нормадан еселеп асып, 114 мм мөлшерінде жауған.

Астананы климат «жаңғыртады»

Үлкен заманауи қала климатқа үлкен әсер етеді дейді синоптиктер. Ол өзінің жергілікті климатын қалыптастырады, ал жекелеген көшелер мен аумақтарда қалалық құрылыстың, көшелер мен ғимараттардың бүркеп жабылуы мен жасыл шөптердің егілуімен өзіне тән әр түрлі микроклиматтық жағдай қалыптасады.  

Соңғы жылдары урбанизацияланған қала территориясы әсіресе термикалық жүйе тұрғысынан үлкен өзгерістерге ұшырап отыр. Оған қоса, Қазақстан аумағының барлық жерінде жерүсті ауа температурасының жоғарылауы байқалуда. Ірі қалаларда термикалық жүйемен ерекшеленген «қалалық» климат жасалып жатыр. Үй шатырлары мен қабырғалар, көпір және басқа да қала элементтері өзіне радиацияны сіңіріп, күні бойы жер қыртысы мен шөптерге қарағанда көбірек күн қызуын жинап ауаға, әсіресе кешке жылу беріп тұрады. Сондықтан, қалаларда ауа температурасы ауылды жерлерге қарағанда 70−80%  жоғары болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Метеорологиялық мониторинг нәтижесі бойынша мамандар Астана территориясының ұлғаюымен және оның тұрғындары санының артуымен  «қалалық климаттың» қалыптасуы күшейе түскенін айтады. Яғни, «қала және қала сыртындағы» ауа температурасының өзгешелігі қаланың өсуімен тікелей байланысты болып отыр. ХХ ғасырдың соңынан бастап (Астана ел ордасына айналған кезден) бүгінге дейінгі уақытта жаңағы өзгеріс күшею тенденциясына ие болып отыр. Бұл тенденция жазға қарағанда, әсіресе қыс маусымында өте айшықтала түседі.

Соңғы жылдары Астана мен шамамен қаладан 100 шақырым қашықтағы метеорологиялық станциялардың ауа температурасындағы өзгешеліктері қыста — 0,5 градус шамасында, жазда — 1 градус шамасында. Қаланың шетінен орталығына қарай жүрген сайын ауа температурасы көтеріле түседі.  Қала аспанындағы ауа температурасы, бейнелеп айтсақ, қалалық «жылу аралының» ықпалына байланысты бір немесе бірнеше жабық изотермамен ерекшеленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыс мезгілінде «жылу аралының» («қалалық климаттың») қалыптасуы жылыту жүйесінің айналаға әсеріне байланысты. Ал жазда қала орталығында температураның жоғары болуы қалалық нысандардың (асфальтталған жолдар, ғимараттар) жоғары күн радиациясымен қызуына байланысты. Қала мен қаланы қоршаған ауылды жерлердегі температура контрасты  баяу антициклональды ауадан білінеді. Ол қатты жел тұрғанда немесе аспанды тұтас бұлт жапқанда жоғалып кетеді.

Өте жоғары температура фоны экстремаль температураға да ықпал етеді – қалада өте жоғары тәуліктік максимум температура байқалады, бірақ түнгі температура (тәуліктік минимум) қала сыртындағыдай айтарлықтай төмендемейді. Минимальды температураның қалада және қала сыртындағы станциялардағы ерекшелігі бірнеше градусқа ғана жетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қалалық климат» жылдың барлық маусымында болады және оның таралу радиусы қала орталығынан шашамен 12-15 шақырымды құрайды.  

Ауа температурасы жер қыртысының температурасымен тығыз байланысты. Қаладағы жер қыртысының, яғни топырақтың температурасы да қала сыртындағы аймақтарға қарағанда жоғары болып келеді.

Қала көшелері мен алаңдарының жүйесі қалада жел бағытының өзгеруіне әсер етеді. Жел көбінесе көше бойымен бағыт алады. Астанада желдің жылдық орташа жылдамдығы төмендегені байқалған, ол да қаладағы құрылыстарға байланысты. Алайда, тар көшелер мен үйлердің арасында жел күшейеді, ал көше мен қиылыстарда құйын жел мен борасын тез көтеріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаһандық климаттың жылынуы нәтижесінде көптеген атмосфералық құбылыстың қайталануы өзгерді. Бірақ қаланың дамуы ол тенденцияны күшейтті. Мысалы, соңғы онжылдықта тұманды, шаңды дауылды, борасын күндер  саны азайды.

«Жасыл белдеу» Астана климатына қалай әсер етті?

Қысқа мерзім ішінде елорда айналасына отырғызылған орманның жергілікті климатқа қалай әсер еткенін әзірге дөп басып айту қиын. Алайда, қандай жағдайда да орман кедергіні күшейткен соң, оның жердегі желдің күшін тежейтіні белгілі. Орманды алқап қар көшкінін тоқтатуға да ықпал етеді, ол боран мен бұрқасынның екпіні және санының азаюына алып келеді. Жер қыртысы қатайып, ол шаңды дауылды да азайтады.

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА:

  • Астана Метеостанциясы 1870 жылдан бергі метеорологиялық параметрлерді зерттеуде.  Ақмолада рет ауа райы жөнінде мәліметтер ұсынған — штабс-капитан Константин Лазарев, ол әрі Ақмолада метеостанция ашылуына бастамашы болған.
  • К.Лазарев өзінің Омбыға жасаған іссапарларының бірінде өзіне ртут термометрін  және барометр-анероид сатып алған және олар Ақмоладағы алғашқы метеорологиялық құрал-сайманға айналған. Сол кезден бастап Лазарев өзі ауа райын бақылап, өлшемдерін дәптерге жаза бастаған. Бақылауды таңғы жетіде, түскі бірде және кешкі тоғызда жүргізіп отырған.
  • 1873 жылы Лазарев Санкт-Петербургтегі бас физикалық обсерваториядан метеорологиялық бақылау үшін арнайы құрал-саймандар жіберткізген. Лазарев Есіл өзенінің оң жағалауынан 100 метр жерде, қаланың оңтүстік шетінде орналасқан кішкентай ғимаратта жұмысын жүргізді. Міне, сол тұстан метеостанция тарихы басталды.
  • «Академик Вильдтің инструкциясы бойынша, ағаш есіктің ішкі бөлігіне психрометр, гигрометр, и минималь термометр орнатылды. Жауын өлшегіш пен флюгер қойылды». Константин Лазарев өзінің Императорлық орыс географиялық қоғамына берген бір есебінде осылай жазыпты.
  • 1913 жылы метеостанция басқа жерге көшірілді, Астрахань тас жолы жаққа, қаланың солтүстік-батыс аймағына ауыстырылды. Ақмола қалалық басқармасы екі десятина жер бөліп берді. Бір жыл бойы онда станция құрылысы, зерттеушілер мен қарауылдарға арналған пәтерлер және кейбір құралдарды бекітетін мұнаралар  салынды. Бүгінде метеостанция дәл сол ғимаратта орналасқан. Ол сол қалпында сақталған. Мекеме ішіне жөндеу жұмысы жүргізіліп, сыртқы беті жүз жыл бұрынғы өз қалпында сақталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


comments powered by HyperComments
Close