Қоғам

Астана әкімдігі елорданы ластап жатқан құрылыс компанияларына қатал шара қолданатын болады

Астана әкімі экологияны қадағалайтын органдарға «кабинеттерден шығып, жұмысқа кірісуге» кеңес берді, деп хабарлайды Elorda.info.

«Нормаларды бұзып, қала көшелерін ластап жатқан құрылыс компанияларына қатаң шаралар қолданатын боламыз. Прокуратура менэкологиялық полиция, экологиядепартаменті, табиғат қорғау прокуратурасы кабинеттерден шығып, жұмысқа кірісулері қажет. Қаланы тазалайық», — дедіӘ.Исекешев дүйсенбі күні қалалық әкімдікте өткен кеңесте.

Қала әкімі Астанада «Таза жұма» акциясының жалғасып жатқандығын, экологиялық айлықтың басталғанын, 29 сәуір мен 13 мамырда дәстүрлі сенбіліктердің өтетінін еске салды.

Сонымен бірге, Әсет Исекешев елордада жұмыс істеп жатқан құрылыс компаниялары құрылыс мәдениетін көтеруі тиіс деп есептейді.

«Құрылыс мәдениетін анағұрлым жоғары деңгейге көтеруді ұсынамын. Құрылыс нормаларын, санитарлық жағдайды сақтамағаны үшін қойылатын талаптарды күшейту үшін қажет болса заңнамаға құрылыс лицензияларынан айыратын ұсыныс әзірлейміз», — деді Ә.Исекешев.

Ол жаңадан салынып жатқан нысандарды өзі аралайтынын ескертті.

«Егер тәртіп бұзушылықтар болып жатса мұндай компанияларға келешекте елордада жұмыс істеуге тиым салу қажет», — деп түйіндеді сөзін Исекешев.


comments powered by HyperComments
Close