Қоғам

Ә.Исекешев: Экологиялық айлық аясында Астанада 111 қоқыс үйіндісі жойылды

Қазақстан астанасының әкімі қаладағы рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою мен ҚТҚ шығару бойынша мәліметті жариялады, деп хабарлайды Elorda.info.

«Экологиялық айлық аясында қала аумағында 130 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды, олардың 111-і жойылды, енді 19-ы жойылады. 12 мың 210 тонна қоқыс шығарылып, көмілді. Күн сайын 465-500 тонна ҚТҚ мен қоқыс шығарылады», — деп жазды Ә.Исекешев фейсбуктағы өзінің парақшасында.

Атап айтқанда, «Алматы» ауданы бойынша 25 қоқыс үйіндісі анықталып, 23-і жойылды. Полигонға 4200 тонна қоқыс шығарылды, күн сайын 140 тонна ҚТҚ мен қоқыс шығарылады.

«Есіл» ауданында 45 қоқыс үйіндісі анықталған, 35-і жойылды. Полигонға 3710 тонна қоқыс шығарылды, күніне 95 тонна ҚТҚ мен қоқыс шығарылады.

«Сарыарқа» ауданында 60 қоқыс үйіндісі анықталды, 53-і жойылды. 4,3 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған. Күн сайын 230 тонна ҚТҚ мен қоқыс шығарылады.

 

Теги
Показать больше

Related Articles

Check Also

Close
Close

Обнаружен Adblock

Пожалуйста, подумайте о поддержке нас, отключив блокировщик объявлений.