95 жылда Қазгидромет алғаш рет өз есігін келушілерге ашады

95 жылда Қазгидромет алғаш рет өз есігін келушілерге ашады

12 және 13 наурызда Қазгидромет Астана тұрғындары мен қонақтарын Ашық есік күніне шақырады. Іс-шараның негізгі мақсаты — ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің заманауи қоғамдағы рөлін түсіндіру, деп хабарлайды Астана әкімдігінің «Elorda Aqparat» медиа-порталы.

«Қазгидромет қызметкерлері экскурсия жүргізеді, онда ауа-райы қалай жасалатынын, Қазақстан климатының қалай өзгеріп жатқанын, су тасқынынан не күтуге болатынын, басқа да көп ақпарат айтылады. Қонақтар өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя алады, ал ең белсенді қатысушылар сыйлыққа ауа-райын алады», — деп хабарлайды Қазгидромет.

Қонақтар Қазгидромет мамандары пайдаланатын заманауи құрал-жабдықтармен танысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, фойеде 20-шы ғасырдың мұражай экспонаттары – құрал- жабдықтар мен аспаптар, мұрағаттық құжаттар мен суреттер ұсынылады.

Кіру тегін.

Жұмыс тәртібі:

Жексенбі, 2017ж. 12.03. экскурсия сағат 11:00 ден 17:00 дейін, түскі асқа үзіліссіз, әр сағат сайын өтеді, соңғы экскурсия сағат 16:00 өткізіледі.

Дүйсенбі, 2017 ж. 13.03. экскурсия сағат 11:00 ден 17:00 дейін әр сағат сайын, 13:00 ден 14:00 дейін түскі ас, 16:00 соңғы экскурсия өтеді.

Мекен-жайы: Орынбор к. 11/1 (Мәңгілік елі 11/1).