ЖаңалықтарЭкономикаҚала тіршілігіӘкімдік

Келер жылға Астананы абаттандыру үшін үш ауданға 45,2 млрд теңге бөлінбек

Қалалық мәслихаттың кезекті отырысында бас қаланың «Алматы» , «Сарыарқа», «Есіл» аудандарының 2018-2020 жылдарға арналған бюджет жобасы қаралды. Комисссия отырысында белгілі болғаны 2018 жылға үш ауданға 45,2 млрд теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда инфо әкімдіктің медиа орталығының мәліметіне сүйеніп.

Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысында сөз алған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді:

«Келер 2018 жылы «Алматы» ауданына  17,9 млрд. теңге, «Сарыарқа» ауданына 11,4 млрд. теңге, «Есіл» ауданына 15,9 млрд. тенге қаржы бөлу қарастырылған», деді ол.

Сонымен қатар басқарма басшысы алдағы 3 жылда Астананы абаттандыруға бөлінетін қаржы көлемінде де айтты. Атап айтқанда, «Алматы» ауданына  55,3 млрд. теңге, «Сарыарқа» ауданына  35,6  млрд. теңге, «Есіл» ауданына  51,1 млрд. теңге жалпы алғанда үш жылда 3 ауданға 142 млрд. теңге бөлу қарастырылған.

Аудандарға бөлінген қаражаттың басым бөлігі көлік инфрақұрылымын дамытуға, жолдардың құрылысы мен оларды жөндеу жұмыстарына және тұрғын үй аулаларын абаттандыруға бағытталады.

Жиында Ерғали Егемберді басқармаларға бөлінетін үш жылдық бюджет қаржысында атады. Мысалы Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 1,6  млрд теңге қаржы бөлу қарастырылған. Бұл қаражат бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін жобалауды аяқтауға, білім және денсаулық, табиғатты пайдалану, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларындағы жобаларды консультациялық сүйемелдеуге бағытталады.

Астана қаласының қаржы басқармасына үш жылдық негізде 98,3 млн теңге бюджет қарастырылған. Бөлінген қаржы жергілікті атқарушы органдардың қызмет көрсету және борышын өтеу, бюджеттік алымдар және жергілікті атқарушы органның резервіне бағытталады.

Астана қаласының коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасына үш жылға 1,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат коммуналдық мүлік объектілерін бағалау, жекешелендіруге жататын мекемелерде аудит жүргізу, көпсалалы «Барыс Арена» мұз айдыны жұмысын қамтамасыз ету, коммуналдық меншік объектілерінің техникалық құжаттамасын дайындау бойынша қызметтерге бағытталады.


comments powered by HyperComments
Close