ЖаңалықтарҚала тіршілігіҚоғамӘкімдік

Халық енді елорда әкімдігінің сайтындағы жаңалықтармен етене таныса алады

Енді бұдан былай тұрғындар үшін Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында жаңалықтарға тіркелу http://astana.gov.kz қол жетімді болады.

Айта кету керек, Астана әкімдігі тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, қала тіршілігі мен қоғамдағы бар мәселелердің тетігін тауып, оларды тиімді шешу мақсатында кешенді шараларды жүргізуде. Атап айтсақ, қоғамның көзқарасын бақылап, 109 бірыңғай қалалық қызмет арқылы азаматтардың өтініштерін қарап-өңдеу, ғаламторлық ресурстар мен әлеуметтік желілердегі дүниелерді саралап, назарға алып мониторинг жүргізіп бағамдап отыратын жұмыстарды қолға алып жатыр.

Қала тұрғындары күнделікті болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып отыруы үшін қолданушы тінтуірмен сайттың негізгі бетінде хаттың (конверт) суреті тұрған (төмендегі суреттегі көрсеткі тұрған)  таңбаны басу қажет.

Сосын қажетті жаңалықтар немесе шараларға жазылуы керек. Сонымен қатар жаңалықтар легін де одан ары қарай беруге болады. Мәселен: күнделіктіден ай сайынғы жіберілімдерге дейін таңдауға болады.

Осылайша, қала тұрғындары мен қонақтары елорданың барлық жаңалықтарынан, алдағы болатын шаралардан әрі маңызды ақпараттардан хабардар болады.

Теги

Статьи по теме

Close