ЖаңалықтарСпорт

Футбол ойынына байланысты ертең елорданың кейбір көшелері уақытша жабылады

Ертең «Астана Аренада» өтетін Лига Европа УЕФА 2017/18 футбол ойынына байланысты Астанада кейбір көшелер уақытша жабылады, деп хабарлайды Елорда инфо Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 23 қарашада «Астана Аренада» сағат 22.00-де  Астана (Қазақстан) және Вильярреал (Испания) командалары арасында Лига Европа УЕФА 2017/18 футбол матчы ның 5-ші жалпы туры өткізіледі.

«Осыған орай, 23 қараша сағат 20.00 ден бастап Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран Керей және Жәнібек Хандар көшесіндегі учаскелерінен Ұлы дала қиылысына дейін көлік қозғалысы тоқтатылады. Тыйым салу іс-шараның аяқталуына дейін созылады», делінген хабарламада.

Қала тұрғындары мен қонақтары стадионға қоғамдық көліктердің 11 маршрутымен жете алады : 10,12,27,37,40,51,53,501,502,503,506.

Сонымен қатар, 20:00 арнайы (шаттлами) рейсімен «Астана Арена» стадионына жанкүйерлерді тасмалдау жүзеге асырылады. Арнайы бөлінген автобустармен  СК «Қазақстан», «Нұр Астана» мешіті, астаналық цирк және «Жастар» Сарайы тұрағы арқылы жетуге болады. Жол жүру құны арнайы рейстік автобустарда секілді, қоғамдық көлікте – 90 теңге, жол жүру билеттері жарамсыз.

Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі жүргізушілерге автомобильдерден бас тартуға шақырып, қоғамдық көлікпен жүрулерін ұсынады. Азаматтарға»Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежай ауданына сапар жоспарлайтын тұрғындарға  жүріп-тұру шектеулеріне сәйкес қозғалыс ұйымдастыруын ескертеді.

 

 


comments powered by HyperComments
Close