ЖаңалықтарҚоғам

Елордада «Жолдағы тең мүмкіндіктер» шарасы басталды

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамда ыңғайлы орта қалыптастыру және жол қозғалысында жалпыға бірдей мүмкіндік жасау мақсатында «Жолдағы тең мүмкіндіктер» атты республикалық шара басталды, деп хаабарлайды Елорда инфо.

Шара аясында Астана қаласының әкімшілік полиция­сы жол және коммуналдық қызметтердің өкілдерімен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі жандарға көше, жол қозғалысы, жаяу жүргінші жолдарының, қиылыстардың барынша ыңғайлы болуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы жол белгілерімен және басқа да техникалық мүмкіндіктермен жабдықталуы тексеріледі. Сонымен қатар, адам тасымалдаумен айналысатын бар­лық коммерциялық және қоғамдық көліктердің мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуын жеңілдетуге арналған құрылғылармен жабдықталуын қамтамасыз ету қарастырылады.
Бес күнге жалғасатын шара аясында психологиялық медициналық орталықтардың базасында «Жол апатына түскен балаға көмектес» атты психологтардың, невролог-дәрігерлердің және басқа да медициналық мамандардың қатысуымен ойын бағдарламалары, байқаулар, жол қауіпсіздігі жөніндегі кеңесі ұйымдастырылады.


comments powered by HyperComments
Close