ЖаңалықтарҚала тіршілігіҚоғамӘкімдік

Елордада «Қандай зейнетақы алатаныңды біл» акциясы басталады

Ай сайын алып отырған жалақысынан тиісті пайызын зейнетақы қорына бөліп төлеп отырған соң зейнетақы мәселесі кім-кімді болса да қызықтыратыны және елеңдетері сөзсіз. Бүгінде бұл мәселемен арнайы мекемелер айналысып, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған орай, келесі аптада Астанада «Қандай зейнетақы алатаныңды біл» атты акциясы ұйымдастырылмақ. Акция барысында кез-келген қала тұрғыны осы мәселеге қатысты көкейінде жүрген сауалға нақты жауап алуға мүмкіндігі болмақ.

Акцияны Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Астана қаласы бойынша филиалы — «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментімен бірігіп ағымдағы жылдың 18 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында өткізетін болды.

Осы акция барысында қала тұрғындары әр сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден сағат 12:00-ге дейін Сол жағалау, Достық, 13 көшесі мекенжайы бойынша орналасқан Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының Алматы ауданы бойынша бөлімшесінде Департамент және Мемлекеттік корпорация мамандарынан зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кеңес ала алады.

Теги

Статьи по теме

Close