ЖаңалықтарСпорт

Елордада өтетін Astana Marathon 2017 марафонға 19 мемлекеттің азаматтары да қатысады (жүгіретін жол бағыттары бар)

Астанада жыл сайын 17 қыркүйекте Astana Marathon 2017 марафоны өткізіледі. Бұл жолы Кениялық спортшы Astana Marathon 2017 марафонында жеке рекордын орнатпақшы. Қазірдің өзінде қатысуға ұсыныс түсіргендердің саны 4393 адам болды. Олардың қатарында еліміздің 22 қаласынан және 19 елдің азаматтары атсалыспақ.
Алалған шарада Astana Marathon 2017 қатысушылары үшін 18 жастан асқандарға 42.2 км, 21.1км қашықтыққа, ал 10 шақырымдық эстафеталық марафонға 16 жастан жоғарылар қатысады және скандинавиялық жүру өтеді..

Жарысқа қатысу үшін www.astana42k.com. сайтында онлайн тіркеуден өту керек. Сонымен бірге, онлайн өтініштерді де қабылдауда дэдлайн орнатылған.

Айта кету керек, 42.2 шақырым және 21.1 шақырымға жүгіретіндер 11 қыркүйекке дейін, ал 10 шақырымға жарысқа түсетіндер 14 қыркүйекке дейінтіркеледі. Сонымен қатар қатысу үшін 14 қыркүйекке дейін Crossfit Astana клубтары арқылы және 15-16 қыркүйек сағат 19:00-ге дейін Astana Marathon EXPO 2017 спорттық жәрмеңкесі кезінде тіркелуге болады.

Соңғы мәліметте 42,2 шақырым қашықтыққа 485 адам, 21,1 шақырымға 755 адам, 10 шақырымға 3143 қатысушы тіркелді. Марафонға Қазақстанның 22 қаласынан қатысушы тіркелді, сондай-ақ 19 шет елден (АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Германия, Италия, Кипр, Қытай, Ресей және т.б.) қатысушылар да бар.

10 шақырым қашықтыққа жүгіруге қатысу үшін ақы – 4000 теңге, қалған екі қашықтық бойынша 8000 теңге.

Марафоншылар сағат 06.00-ден бастап жиналу керек, жүгіру сағат 07.00-де басталады. Жиналу орны: Тұрар Рысқұлов көшесі, Түркістан 2 көшесінің қиылысы ЭКСПО-ға қарама-қарсы Р4 автотұрақ аумағы. Аяқталуы сағат 13.00-ге жоспарланған. 1-ші орынға ие болған жеңімпазға 850 000 теңге көлемінде сыйақы және «Air Astana» әуе компаниясына кез-келген бағытқа бару-қайту бағыты бойынша билет беріледі.

10 шақырым қашықтыққа жүгіру аумағы

21.1 шақырым қашықтыққа жүгіру аумағы

42.2 шақырым қашықтыққа жүгіру аумағы

Жергілікті полиция қызметі өз кезегінде жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша жұмысты жүзеге асырады. Олар жолдарда кептеліс жағдайларын болдырмау үшін барлық жағдай жасайды. Көрсетілген көше кестелері бойынша жолдар ішінара жабылады. Тек Тұран даңғылы жабылмайды. Астана қаласының ЖПҚ-нің қызметкерлері жол кептелістеріне тап болмау үшін жол бағыттарын алдын ала белгілеп алуларын сұрайды.

Сол күні Астана мен ТМД елдері үшін рекорд жаңартылады деп күтілуде. Саймон Кипругут Кируй жаттықтырушысы Филип Кипронның жетекшілігімен Астанада 2:10 сағат ішінде 42,2 шақырым қашықтықты бағындыруға дайындалуда. Осылайша өзінің жеке рекордын жаңартпақшы (02:12:22).

Марафон күні көптеген қазақстандықтар Генадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес кездесуін тамашалайтынын ескеріп, Астана әкімдігінің бастамасымен Старт/Мәре қалашығы аумағында жекпе-жектің тікелей көрсетілімін көрсететін LED-экран орнатылады. Осылай әр тұрғын тек марафоншыларға қолдау танытып қана қоймай, мыңдаған жүгірушілер ішінде біздің GGG-ге жанкүйерлік ете алады. Бұдан бөлек, боксшылар жекпе-жегі басталғанға дейін ең қысқа қашықтыққа – 10 шақырымға жүгіретін және 21,1 мен 42,2 шақырымды жылдам бағындыратын атлеттер экран алдында болады.

Спорттық шараны ұйымдастырушылар алдағы уақытта әлемнің Бостон, Чикаго, Нью-Йорк, Берлин, Токио және Лондон сынды 6 қалада өткізілетін танымал әлемдік марафоншылар арасында жетекші орындарға жетуде көздеп отыр. Астана қаласын бұл ретте тізімде 7-ші қала ету көзделіп отыр.

Биылғы Астана марафоны жыл қайырымдылығы деген санатта есте қалмақ. Бұл Қазақстан үшін инновациялық жоба «Басқарылатын гипотермияға» ақша жинауда АЯЛА қорын таңдады.


comments powered by HyperComments
Close