ЖаңалықтарЭкономика

Елімізде ескі көлігін тапсыратындарға ақшалай өтемақы беру жалғасатын болды

Ағымдағы жылдың соңына дейін тозығы жеткен көлік құралдарын қабылдау үшін ҚР энергетика Министрлігі қосымша 12 мың квота бөлді. Атап айтқанда, ертеңнен, яғни 26-шы тамыздан бастап «ӨКМ Операторы» ЖШС Қазақстан бойынша ескі көлігін тапсыратындарға ақшалай өтемақы беру Бағдарламасын қайта жалғастыратын болды. Бұл туралы ӨКМ Операторының баспасөз қызметі хабарлады. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда құнын өтеу бағдарламасы бойынша ӨКМ Операторы 27 665 ескі көлік қабылдап, иелеріне 4 146 078 000 теңге қаражат аударды.

2017 жылдың 26 маусымда қолға алынған жоба аясында, бүгінгі күнге дейін ӨКМ Операторы 1 116 жеңілдік сертификатын берді. Табысталған сертификаттың 417-і отандық өндірушіден 245 су жаңа автокөлік сатып алуға пайдаланылған.
Ескі көліктерді жоюға өткізіп, жаңа көлік сатып алуға жеңілдік беретін сертификат Бағдарламасын жүзеге асыруға ҚР энергетика Министрлігі мынадай тиісті квота қарастырып отыр.
М1 санаты (жеңіл автокөлік) бойынша – 20 мың ескі көлік,
M2, N1, N2 санаты (жолаушылар және жүк көлігі) бойынша – 1836,
M3, N3 жолаушылар (5 тоннадан жоғары) және жүк көлігі (12 тоннадан жоғары) — 1164.

Ескі көліктерді жоюға тапсырып, жаңа көлік сатып алуға жеңілдік беретін бағдарлама талабы бойынша жеңіл көліктен бастап, жолаушылар және жүк машиналары қабылданады.

Бағдарлама бойынша екі сертификатты біріктіріп, кез келген санаттағы көлік құралын сатып алуға болады. Және де берілген сертификатты өзге тұлғаның атына екі реттен артық қайта тіркеуге болмайды. Сертификат берілген күннен бастап 12 айға жарамды. Бүгінгі таңда ӨКМ Операторы тозығы жеткен көлік құралдарын сатып алу және сертификат беру Бағдарламасы бойынша бас аяғы – 28 781 автокөлік қабылдады.

Теги

Статьи по теме

Читайте также...

Close
Close