ЖаңалықтарЭкономика

Экспоны көруге төрт миллионға жуық адам келген

2017 жылғы 11 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме аумағындағы халықаралық павильондардың демонтажы жүргізіледі. Бұл туралы «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің Қоғаммен байланыс департаменті хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, қатысушы мемлекеттер Көрме ұйымдастырушыларына павильондарды бастапқы қалпында тапсыру мақсатында экспонаттарды шығарып, ішкі құрылыс құрылымдар демонтажын, сондай-ақ тазалау мен жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет.

Айта кету керек, аталған процесс 15 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс. Сәулет департаменті мен Халықаралық қатысушылармен жұмыс атқару департаменті демонтаж процессіне бақылау жүргізеді.

Көрменің басты нысаны «Нұр Әлем» сферасы болашақ мұражайы ретінде қызметін жалғастыратын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымдар қатысқан «Астана «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі 10 қыркүйекте аяқталған болатын.

Алдын ала болжам бойынша 2 млн. келушілер күтілген, алайда келушілердің жалпы саны 3 977 545 құрап отыр.


comments powered by HyperComments
Close