Экономика

Қызметкерлерінің жалақысын кешіктіргені үшін 77 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды

Астанада бірінші тоқсанда 281 қызметкердің 35,1 млн теңге көлеміндегі қарызы қайтарылды, деп хабарлады Elorda.info-ғақалалық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы.

«Қалалық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының мемлекеттік инспекторлары232 кәсіпорын мен ұйымды тексерді. Еңбек заңын бұзудың барлық фактісі бойынша заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарым берілді, сонымен бірге әкімшілік айыппұлдар салынды», — деп атап өтті басқармадағылар.
Тексерулердің қорытындысы бойынша 12,2 млн теңгеге 77 лауазымды және жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Басқарма кәсіпорындардағы жұмысшылар арасында кикілжіңге жол бермеу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді. Талдау көрсеткендей, дау-жанжалдардың негізгі себебі – жұмысшыларға жалақы төлеуді кешіктіру», — дейді басқарма өкілдері.

Показать больше

Related Articles

Check Also

Close
Close

Обнаружен Adblock

Пожалуйста, подумайте о поддержке нас, отключив блокировщик объявлений.