ӨЗIМIЗДIҢ ӨНДIРIС ӨРНЕГI

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған «Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту – Қазақстанды дамытудың басты бағыты» атты биылғы Жолдауында индустриалдық-инновациялық жобаларды дамытуға айрықша маңыз берiлген. Осы бағытта нақты мiндеттердi айқындап, оларды жүзеге асыруға тапсырма да жүктелген.
Бiз осы орайда елордамызда құ¬рыл¬ған Индус¬триалдық парктiң бү¬гiнгi тыныс-тiршiлiгiмен таны¬сып қайтқан едiк. Алдымен, «Мақсат» б嬬тон ком-бинатына ат басын тiре¬дiк. Индус¬триал¬дық парк – 2005-2015 жылдарға ар¬налған стра¬тегия¬лық жоспарда көрсетiлгендей, Ас¬та¬нада жүзеге асып жатқан кешендi өндiрiстiк жоба.
Жас мемлекетiмiздiң әлемдегi ал¬пауыт елдер¬дiң өзiн айналып өт¬пеген дағдарыс арқылы дамуға нық қа¬даммен бет алуының өзi – үлкен жетiстiк. Шыңдалып, ысы¬лып шық¬қан кәсiп¬кер¬лерiмiз ел эконо¬микасын қалай алға жыл¬жытып, өр¬кениеттi елдермен тере¬зе теңес¬тiрiп, бәсекеге қабiлеттi етудiң ал¬ғы¬шарттарын жан-жақты қарасты¬рып жатыр. Соның нақты айғағы ретiнде елордадағы Индустриалды парктiң қолға алынуы десек, артық айтпа¬ғаны¬мыз болар. Атаулы өн¬дiрiс айма¬ғында 50 кәсiп¬орын салу жоспар¬ланған. Соның алғашқы қарлы¬ғаш¬тары Локомотив жинау зауы¬ты екенiнен қалың жұрт¬шы¬лық хабардар. Осындай iрi жоба¬ның бiрi – «Мақсат» Астана бетон комбинаты.
Комбинат, жоғарыда айтып өт¬ке¬нiмiздей, Индустриалдық парк¬тiң аумағында орналасқан. Қазақ¬стан Даму Банкi қаржыландырған бұл жоба 2010 жылдың 3 қара¬шасында тұсауын кес¬кен. Құры¬лыстың қар¬қын алуы тауарлы бе¬тонға деген сұ¬ра¬нысты өсiрдi. Бi¬рақ соған қара¬мастан темiрбетон бұйымдарының денiн импорт тауар құрап келдi. Темiрбетонды алыстан ат арытып тасудың қиын¬дығы күн өте күр¬де¬лене бердi. Сондықтан «Цесна¬банк» АҚ мен «Найза-құры¬лыс» Концернi» ЖШС Астананың өзi¬нен осын¬дай заманға лайық зауыт ашуды көз¬деп, жоба дайындайды. Қазақ¬стан Даму Банкi олардың жо¬басын 2005-2014 жылдарға арнал¬ған құры¬¬лысты да¬мыту бағдарла¬масы аясында қаржы-ландырды. Дағда¬рыстың салдарынан жоспар¬лан¬ған уақытта зауыт құры-лысын аяқтап үлгер¬меген кәсiп¬кер¬лер қо¬сымша қаржы көздерiн тауып, екi жыл шегiнiспен зауытты iске қо¬сады. Қазiргi кезде мұнда ита¬льян және немiс өндiру¬шiлерiнiң заманға лайықты жаңа техноло¬гия¬лары орнатылған. Мұндай тех¬но¬логиямен тауар¬лы бетон, бетон ба¬ға¬налар, бетон тақталар, бас¬пал¬дақ тақталары, оған қоса тро¬туарлық тас тақталар, СКЦ-1, СКЦ-2, «поребрик» деген құры¬лысқа қа¬жеттi, бөлшектеп саты¬латын бетон өнiмдер шығарады. Мысалы, ита¬льян¬дық Weiler Italia желiсi бетон тақта, бетон бағана шы¬ға¬руға ар¬налған. Ал немiс¬тердiң «HESS» желiсi бөлшектiк саудаға арналған бетоннан жаса¬латын түрлi өнiм¬дердi жасауға бейiмделген. Ол кү¬нi¬не 3 мыңнан аса өнiм жасап шы¬ғара алады.
Аталмыш зауыт директорының маркетинг жөнiндегi орынбасары Виталий Трушкиннiң айтуынша, зауыттың жылдық өнiм шығару ауқымы – 139 000 текше метр. Өнiм сапа¬сын аттес¬тациялайтын зертха¬насы да бар. Яғни, осы жер¬ден шы¬ғатын өнiм ГОСТ белгiлейтiн сапаға сай.
Зауыт бетон шығару үшiн отан¬дық шикiзатты пайдаланады. Инерт¬тi шикiзат санатындағы құм, уақ тас, цемент сияқты өнiм¬дер жақыннан жеткiзiледi. Жа¬қыннан жеткiзiлге¬нiне қара¬мас¬тан, сапалы өнiм әзiрлеу үшiн ши¬кiзаттың да са¬пасы қатты тексе¬рiледi. Ал сым-темiр мен темiр қада¬ларды Ре¬сей¬ден алдыртып отырады екен. Қа¬зақ¬стан бойын¬ша мұндай зауыттар саны қазiргi таңда он бестен асады. Солардың төртеуi елорда айма¬ғында орна¬ласқан. Сон¬дықтан бұл нарықта өзiндiк бәсеке бәсi қалып-тасқан. Өзiндiк дейтiн себебiмiз, «Строй¬класс» АҚ өндiретiн өнiм¬дер ескi кеңестiк техно¬логиямен шы¬ғары¬латындықтан, олардың өл¬ше쬬дерi бұл зауыттiкiнен өзге¬шелеу. Са¬пасы теңге¬рiмдi бола тұра си¬паты бөлек. Еуропалық техно¬логияға мойынсұнған «Мақсат» зауыты со¬лардың еуропiшiмдерiне сәй¬кес¬тендiрiп бетон тақталар шы¬ғарады. Ыңғайлы болу үшiн. Олар¬дың өлшемi 1,20 метрден 9 метрге дейiн жетедi. Сұра¬ны¬сына байла¬нысты арнаулы құрыл¬ғы¬мен олар¬ды бөлшектеп отырады. Бiр айта ке¬терлiгi, барлық техноло¬гиялық процестер авто¬мат¬тан¬дырылған. Бетон дайындау үдерiсi өн¬дiрiстiк компьютермен бақы¬ла¬нады. Оның жа¬дына бiрнеше дайын¬дау рецеп¬тiлерi сақталған. Отыздан аса бетон түрлерiн шы-ғару мүмкiндiгi бар. Олардың iшiнде аязға шыдамды және су өткiзбейтiн қасиеттерге ие түрлерi кең тараған. Қалған құрам¬дас бөлшектердi мөлшерлеп, ара¬лас¬тыру жиiлiгi мен уақытын бел¬гi¬лейтiн, су мен цементтiң арақа¬тынасын тап басып отыра¬тын ав¬тматты жүйе жұ¬мысын тоқ¬тау¬сыз жүр¬гiзедi. Дайын болған ке¬зiнде қоспаны пiшiн маши¬нала¬рына құяды. Қоспа одан әрi бө¬лiн¬ген қалып жолдарына құйылады. Қызып тұр¬ған жолдар қатты виб¬ра¬цияланады. Бұл – бетон баға¬налар¬дың мық¬тылығын қалыпта¬тыратын про¬цесс. Wi Tech компа¬ниясының ерек¬ше технология-сының арқа¬сында қол жеткiзетiн сапалы өнiм өндiру ке¬шенi. Құ¬рылысқа түскен өнiм кепiлдiгi ондаған жылдармен есептеледi.
Зауытта 150-ден аса жұмысшы қамтылған. Жоғары технологиямен жұмыс iстейтiн маман¬дар ше¬тел¬ден бiлiктiлiгiн көтеру үшiн оқуға алдын ала жiберiлген. Одан бөлек, Астанада орна¬ласқан По¬л謬техникалық кол¬ледж-бен келi¬сiм-шартқа отырып, осы оқу орда¬сы¬ның студент¬терiн тәжi¬ри¬беден өт¬кiзiп, жұмысқа тарту жолға қойыл¬ған.
«Бетон тақталар шығарудан Аста¬на бойынша алғашқы үш¬тiкке ене¬мiз, ал бетон бағаналар бойынша екiншi орынды ием¬денемiз» дейдi В.Трушкин. Бұл да екi жылдан бергi өнiмдерiнiң нарықта орын алып үлгергендiгiн байқатса керек. Бұл ең алдымен зауыттың өнiм өндiрудегi жыл¬дамдығына және сапасына тiке¬лей байла¬нысты екенi рас. Астана қаласы бойынша негiзгi серiк¬тестерi «Құлагер» мен «Базис А» ком¬па¬ния¬лары, «Найза Құрылыс» ЖШС. Бұдан бөлек жеке кәсiпкерлер мен ша¬ғын бизнес өкiл-дерi¬нен де көптеген тапсырыстар келiп түседi. Әсi¬ре¬се, жаз айларында бетонға де¬ген сұраныс күрт көбейедi екен. Егер жұмыстың жай-жап¬сары осын¬дай қарқынмен жүре берер болса, ак¬ционерлер келешекте зауыттың өнiм шығару ауқымын кеңейтудi көздеп отыр.
Мiнеки, отандық өндiрiс қанат жайып, өркендеп, ертеңгi күнге нық сенiмiн артып отыр. Келешекте тек қана Астанада ғана емес, бүкiл Қазақстанның құрылыс алаңдарында танымал болып, бәсекелестiкке қабiлеттi екендiктерiн бар әлемге дәлелдемек.

Шынар ӘБIЛДА