Экономика

Маусым айында Астана – Хельсинки тікелей әуе байланысы ашылады

Маусым айында Астана – Хельсинки тікелей әуе байланысы ашылады

Биылғы жылдың 19 маусымында Астана мен Хельсинки арасында тікелей әуе байланысы іске қосылады, деді еліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына орай өткен баспасөз конеренциясында, деп хабарлайды «Kazinform» ХАА тілшісі.

«Биылғы жылдың 19 маусымынан бастап Астана-Хельсинки бағыты бойынша тікелей әуе байланысын орнату жоспарланып отыр», — деді Василенко.

Сонымен бірге, оның айтуынша, 18-19 маусымда Астанада Оулу қаласының мәдени Күндері өтеді. Бұл — елордамызбен бауырлас қала.

ҚР сыртқы саясат мекемесі басшысының орынбасары атап өткендей, Суоми — ЭКСПО-2017 көрмесіне ресми түрде қатысатын жалғыз скандинавиялық ел болып отыр.

«Біз бұл елдің қатысатынына өте қуаныштымыз. Фин павильонының ең үздіктердің бірі болатынына сенімдімін», — деп атап өтті Василенко.

Финляндия президенті Саули Нийнистё Финляндияның ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ұлттық күндеріне қатысу үшін биылғы жылдың 19-21 маусымында Қазақстанға сапармен келмек.


comments powered by HyperComments
Close