Елордадағы қандай тұрғын үй кешендеріне жөндеу жүргізілетіні белгілі болды

ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында 2017 жылы Астанада тоғыз бірдей тұрғын үй кешеніне күрделі жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Elorda.info.

«Бұл үйлер мына мекен жайларда орналасқан: Абылай хан даңғылы, 4/2 және 6/4, Құдайбердіұлы даңғылы, 19/2, Ақтасты көшесі, 12/1, Ғабдуллин көшесі, 6/1, Күйші Дина көшесі, 40, 44 және 44 «а», Мұңайтпас көшесі, 8/1, Мүсірепов көшесі, 6/1», — деп хабарлады Elorda.info тілшісіне энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасындағылар.