Экономика

ЭКСПО нысандарын электрмен қамтамасыз ету үшін жаңа қосалқы станса салынуда

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің қонақтарын қабылдауға арналған нысандарды, ҚИК, «Жасыл орам» ТК, «Батығай» құрылыс ауданын, апаттық және ескі баспаналарды сүру бағдарламасы аясындағы үйлерді электрмен қамтамасыз ету үшін 110/20 кВ «Тұран» ҚС салынуда. Қазіргі уақытта 163,4 МВт-қатехникалық шарттар берілді. Қосалқы стансаның бір жақты қосылуы мамыр айына, ал толық іске қосылуы тамыз айына жоспарланған, деп хабарлайды Elorda.info.
«5 мамырға дейін «Жаңажол» ҚС қайта құруы аяқталады. Аталған нысан ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі нысандарын электрмен қамтамасыз ету үшін қажет. Қазір 143,6 МВт-қа техникалық шарттар берілген», — деді дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев.
Ол сондай-ақ, 11 сәуірде «Бәйтерек» қосалқы стансасының іске қосылғанын айтты. Ол жаңа ТЖ вокзалын, Достық елді мекенін, 4 енгізудің НС-16 жылу магистралін, «Кәсіпқор» колледжін электрмен қамтамасыз ететін болады.
Б.Жапаев сонымен қатар, биыл Железнодорожный елді мекенін, 4 енгізудің НС-16 жылу магистралін, жаңа түберкүлез диспансерін, №2 индустриалды паркін электрмен қамтамасыз ететін «Қазыбек» ҚС құрылысы басталғанын айтты. Алаш шоссесі бойындағы жаңа құрылысты, жаңа коммуналдық базарды электр қуатымен қамту үшін «Керамика» ҚС қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге қайта қалпына келтіру жаңа тұтынушылардың қосылуын қамтамасыз етеді. 33,7 МВт-қа техникалық шарттар берілді. Ескі қалада «Самал» ҚС құрылысы жүруде. Аталған қосалқы стансаның құрылысы Абай, Сембинов, Иманов, Жұбанов көшелері аумағындағы жаңа тұтынушыларды электрмен қамтамасыз етеді.

Показать больше

Related Articles

Check Also

Close
Close

Обнаружен Adblock

Пожалуйста, подумайте о поддержке нас, отключив блокировщик объявлений.