Экономика

ЭКСПО көрмесі аясында Астанада 7 Shuttle Bus бағдары іске қосылады

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі кезінде қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін елордада жаңа 7 «Shuttle Bus» бағыты қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа-орталығы.

Бұл бағытта «Iveco Urbanway» маркасының 167 автобусы жұмылдырылатын болады. Бағыттар аялдамалардың аздығымен ерекшеленеді.

 

«Shuttle Bus» тікелей бағытпен қатынайтын, яғни халық ең көп жиналған аялдамаларға ғана тоқтайды. Олардың күнделікті тасымал қуаты 80 мыңнан жоғары болады. Жолда жүру ақысы 150 теңге.

Теги

Статьи по теме

Close