Экономика

Екі ЖЭО жаңғырту мен ЖЭО-3 құрылысына 21,8 млрд теңге бөлінді

Астананы инженерлік инфрақұрылым мен электр энергиясымен және жылумен орнықты әрі үздіксіз қамтамасыз ету үшін қуат көздерін жаңғырту, сондай-ақ, жаңа ЖЭО салу жөніндегі жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Elorda.info қалалық энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық басқармасына сілтеме жасап.
2017 жылы ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қуат көздерін жаңғыртуға, сонымен бірге ЖЭО-3 құрылысына республикалық бюджеттен 21,8 млрд теңге бөлінді, деді дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев.
«Биыл «Астанадағы ЖЭО-1 қайта құру» жобасын іске асыруға 4,6 млрд теңге бөлінді. Аталған қаржы есебінен №6 ст. (өсім 35 Гкал/сағ) қазандық агрегатын, желілік сорғыштарды, аккумулятор батареяларын ауыстыру, күл құбыр желісі мен тұнған су құбыр желісі құрылысын аяқтау, №2 жаңа мұржа құрылысын бастау, жылыту және регенерациялық жабдықтарды қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр», — деді Б.Жапаев.
Сонымен бірге 2018 жылы №4 ст. турбоагрегатын алмастыру, қосалқы нысандары, ғимараттары мен құрылыстары бар №1, 2 ст. қазандық агрегаттарын қайта құру жоспарланып отыр.
Бұған қоса, биыл «Астана қ. ЖЭО-2 кеңейту мен қайта құру» жобасын жүзеге асыруға 11,2 млрд теңге бөлінген. Аталған қаражатқа №6 ст. және қосалқы жабдықтары бар №8 ст. қазандық агрегатының құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыру, №7 ст. қазандық агрегатын, №5, 6 су жылыту қазандықтарын іске қосу мен жөндеу жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр.
2018 және 2019 жылдары №6 турбоагрегатын, қосалқы нысандары, ғимараттары мен құрылыстары бар №8 қазандық агрегаттарын іске қосу жоспарлапын отыр.
Биыл «Астана қ. ЖЭО-3 құрылысы» жобасын іске асыруға 6 млрд теңге бөлінген. Аталған қаражатқа су жылыту қазандығының негізгі және қосалқы жабдықтарының, 1-ші көтермелеу сорғышының, жылу беру трактының, электрофильтрлердің, 110 кВ ашық тарату құрылғысының, жылу желілері мен қазандықтарын толықтыруды суға дайындау жүйелерін, ЖЭО-1 және ЖЭО-3 арасындағы технологиялық құбыр желілері мен жылу желілері эстакадасының құрылысы мен монтажы жұмыстарын жалғастыру, ОРУ-110 кВ ВЛ-110 кВ. желілеріне қосу жоспарланған.
2018 жылы сондай-ақ, қосалқы нысандары, ғимараттары мен құрылыстары бар төрт су жылыту қазандығын (жылу қуатының өсімі 480 Гкал/сағ) іске қосу жоспарланып отыр.
«2018 жылы ЖЭО-3 қуат көзін іске қосуды қамтамасыз ету үшін 2017 жылы 3,5 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу қажет», — деп атап өтті энергетика және ТКШ басқармасы басшысы Бақтыбек Жапаев.


comments powered by HyperComments
Close