Экономика

Дональд Трамп Астанада өтетін ЭКСПО-ға келмейді

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол EXPO-2017 көрмесі аясында АҚШ президентіДональд Трамптың сапары жоспарланып отырмағанын айтты, деп хабарлайдыElorda.info «Информбюроға» сілтеме жасап.

«Біз әзірге делегация мүшелерінің тізімін анықтаған жоқпыз, сонымен бірге олардың қашан келетіні де беймәлім. (…) ШЫҰ елдері, Қытай мен Ресей басшыларының сапары болады деп күтілуде. Бірақ біздің президентіміз қатыспайды, оның жұмыс кестесі тығыз. Қарапайым делегация болады. Әрине, мен қатысамын, сонымен бірге АҚШ мемлекеттік департаментіндегі бірқатар әріптестерім қатысуы мүмкін», – деді Джордж Крол елшілікте өткен брифингте.
2017 жылы ақпанда АҚШ-тың Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне қатысатынын растағаны хабарланған болатын.
Көрмеде америкалық компаниялар жаңғырмалы энергия көздері негізінде жұмыс істейтін технологиялық жаңалықтарын паш ететін болады.
Америкалық ірі компаниялар «жасыл» технологияларға басымдық беріп отыр. АҚШ өзінің бай тәжірибесі және жаңғырмалы энергия көздері мен «жасыл» технологиялар саласындағы озық зерттемелерін ұсынбақ. «Дженерал Электрик» компаниясымен демеушілік жөнінде келісім шартқа қол қойылған.
EXPO-2017 халықаралық көрмесіАстанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Ұйымдастырушылар бес миллион билет сатудан үмітті. Былтыр жазда «Астана ЭКСПО-2017″ ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов өзінің бүкіл Алматы облысыныкінен көп билет сатып алғанын мәлімдеген болатын.
Дж.Кролдың айтуынша, Штаттарға «ЭКСПО-2017» көрмесінен көлемі үлкен павильондардың бірі ұсынылған.
«Көңіліміз толады. Бізде ешқандай мәселе жоқ. Павильондардың ең үлкені емес, бірақ ЭКСПО-дағы ең ірі павильондардың бірі», – деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол.

Показать больше

Related Articles

Check Also

Close
Close

Обнаружен Adblock

Пожалуйста, подумайте о поддержке нас, отключив блокировщик объявлений.