Биыл елімізде индустрияландыру картасы бойынша құны 700 млрд. теңге болатын 100-ден астам жоба жүзеге асады

Биыл елімізде индустрияландыру картасы бойынша шамамен 700 млрд. теңге болатын 100-ден астам жобаны іске қосу көзделіп отыр, деп хабарлайды Elorda.info.

10 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Оның ішінде биылғы жылдың бірінші тоқсанында 7,6 млрд. теңгенің 10 жобасы іске қосылды. 415 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Қазір жалпы көөлемі 3,7 трлн. теңге болатын 320 жоба жүзеге асырылып жатыр. Аталған кәсіпорындарда 36 мың тұрақты жұмыс орындары ашылған.