Экономика

«Астана» қаржы орталығының мамандары Қытайда дайындалады

«Астана» халықаралық қаржы орталығы менЦинхуа қытай университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Информбюро».

Пекинде «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Цинхуа университеті арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті, деп хабарладыАХҚО баспасөз қызметі.

Меморандумды бекітудің негізгі мақсаты – қаржы орталығы мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған бірлескен білім және зерттеу жобаларын жүзеге асыру.

АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, халықаралық деңгейде мамандар даярлау – орталықты әлемдік стандарттарға сай келетін қаржы хабы ретінде қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі.

Цинхуа университеті– ҚХР алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі, 1911 жылы ашылған. Қытайдың «Лига С9» үздік жоғарғы оқу орындарының қатарына енеді – бұл америкалық «Барқыттар лигасының» баламасы. Цинхуа университеті ҚХР университеттерінің ұлттық рейтингінде үнемі бірінші орынды иемденеді.

13 наурызда Нұрсұлтан Назарбаевтың АХҚО қызметіне қатысты заңдарға енгізілетін түзетулерге қол қойғаны хабарланған болатын.

Астанадағы қаржы орталығы Дубай әмірлігі тәжірибесі негізінде құрылатын болады. 2015 жылы мамырда Астанадағы ЭКСПО-2017 нысандарының жаңа қаржы орталығының негізі болатыны мәлім болған еді. «Астана» бүкіл Орталық-Азия аймағы үшін қаржы хабы болады деп күтілуде. ОлЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағында орналасады.


comments powered by HyperComments
Close