Экономика

«Арқар» және «Арыс» көпірлерінің көлік жүретін бөлігі жөнделеді

Астанада автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Elorda.info.
«Биыл «Арыс» және «Арқар» көпірлерінің көлік жүретін бөліктеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйғарып отырмыз. Алғашқысында көлік жүретін бөлік 2009 жылдан бері жөнделмеген», — деп хабарлады Elorda.info тілшісіне қалалық автокөлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары Болат Сәулебаев.
Б.Сәулебаевтың айтуынша, басқарма жыл сайын қаладағы барлық көпірлерді тексереді және ақаулар табылып жатса ағымдау жөндеу жүргізеді.
«Жөндеу бағасы ақауға байланысты», — деп атап өтті Б.Сәулебаев.
Бүгінгі күні Астанада автокөлік жүретін 20 көпір бар. Ең соңғы көпір 2013 жылы Бейсеков көшесінде салынды.

Показать больше

Related Articles

Check Also

Close
Close

Обнаружен Adblock

Пожалуйста, подумайте о поддержке нас, отключив блокировщик объявлений.