Экономика

2016-2017 жылғы жылыту маусымы елордада 202 күнге созылды

Ең көп жылу энергиясы Астанада 10 ақпанда жіберілген, деп хабарлайды Elorda.info.

Елордадағы жылу маусымының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жылыту маусымы елордада 202 күнге жалғасты:2016 жылдың 1 қазанынан 2017 жылдың 20 сәуіріне дейінгі аралықта өтті, деп хабарлады қалалық энергетика басқармасының басшысы Бақытбек Жапаев.

Электр көздерінде электр энергиясы 2016 жылдың 8 желтоқсанында ең көп өндірілген. (485 МВт/ч), ал жылу энергиясының ең көп жіберілген кезі 2017 жылдың 10 ақпанында тіркелген. (1 955 Гкал/ч). 2496 мың тонна көмір және 7 318 тонна мазут шығындалған.

Энергия көздерінде І дәрежедегі апаттар мен ақаулар орын алмаған, ІІ деңгейдегі – 21 апатты жағдай тіркелген. ЖЭС – 1-де – 5 ақау болса, ЖЭС-2-де 16 рет істен шыққан. Жылу желілерінде І және ІІ дәрежедегі апаттар тіркелмеген.

Ал, жылыту маусымында электр желілерінде ең ауыр салмақ 2016 жылдың 21 қарашасында (631 МВт) болған. Астаналық энерготораптың энергоүнемдеуі ЖЭС-2 және Қазақстанның ЕЭО-нан жүзеге асырылады.

Жылыту маусымы кезінде электермен қамту желілерінде 339 сөніп қалу апаттары орын алған. Оның ішінде 100 авария бөтен үйымдардың кінәсінен болған.  Бұдан бөлек «Астана-РЭК» АҚ желілерінде – 260 авариялық жағдайлар болған (өзге мекемелердің кінәсінен — 86) Тұтынушылар желілерінде – 79 апат тіркелді.

Жалпы Астанада жылыту маусымы штаттық кестеге сай өтті. Жылу желілерінің температуралық режимі бекітілген тәртіп картасына сай ұйымдастырылды.

Close