Экономика

14 меморандумға қол қойылды

Малайзия павильоны EXPO көрмесіндегі атқарылған жұмыстың нәтижелерін бизнес-форумда қорытындылады. Оған елдің Энергетика, жасыл технологиялар және су ресурстары министрі Максимус Онгкили қатысты.

Малайзия осы уақыт аралығында қазақстандық компаниялармен 14 меморандумға қой қойды. Келіссөздердің әлеуетті экономикалық пайдасы 1,173 млрд доллар көлемінде бағаланады. ЭКСПО көрмесі аясында қол қойылған меморандумдарды іске асыру үшін Қазақстанмен одан әрі қарым-қатынастар жалғасады.

Министрдің айтуынша, ел исламдық қаржыландыру негізіне сүйене отырып, «жасыл» энергетиканы қаржыландыруға жаңа шешім табуға ұмтылады. Малайзия 2050 жылға қарай баламалы энергия көздерінен өндірілген энергияны 50 пайызға арттыру үшін қазақстандық әріптестермен жұмыс жасауға ниетті. Сондықтан ел үкіметі 2016-2025 жылдарға арналған энерготиімділік саласындағы ұлттық іс-әрекет жоспарын қабылдады.

Кездесу соңында Максимус Онгкили Малайзия павильонының жетістіктерімен бөлісті. Министр көрме барысында павильонды 600 мыңнан астам адам тамашалағанын атап өтті.

Теги

Статьи по теме

Close