Экономика

1 маусымнан бастап Астанадағы жолаушылар пойыздарының кестесі өзгереді

Жаз бастылысымен Астананың жаңа « Нұрлы жол» темір жол вокзалын пайдалануға беруге байланысты пойыздар қозғалысының кестесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Elorda.info «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жаңа «Нұрлы жол» вокзал кешені  54 пойызға қызмет көрсетеді. Оның 22-і «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы, 16-сы кәдуілгі және 16-сы қала маңы пойыздары. Сонымен қатар, «ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесі кезінде түрлі бағыт бойынша қосымша 14 пойыз жолға шығады. Жаңа вокзалға  дейін қала ішінде  2, 14,  32, 48, 50, 57, 201, 202, 500 және 505 автобустар қатынайды», — делінген хабарламада.

Толығырақ ақпарат алу үшін темір жол вокзалдарының анықтама бөліміне  немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне қоңырау шалуға болады.

Пойыздардың толық тізімі мен олардың кестесі www.temirzholy.kz. сайтында жарияланған.


comments powered by HyperComments
Close