Билік

Ынтымақтастық келісімі

Астана қаласы мәслихатының шақыруымен елордаға Бішкек қаласы кенешінің делегаттары келіп кетті. Ресми кездесуді ашқан Астана қаласы мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісов Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы өзара тиімді қарым-қатынас екіжақты келісіммен барлық бағыттар бойынша белсенді дамып келе жатқанын атап өтті.

Қалалық мәслихат хатшысы Ж.Нұрпейісов қонақтарды еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуы­мен, инвестиция­лық әлеуетімен қысқаша та­­ныс­­тырып, үстіміздегі жылдың 10 мау­сымынан 10 қыр­күйек аралығында халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 «Болашақ энергия­сы» көрмесін өткізу Астана қаласының болашақта іскерлік, қаржылық және туристік ірі орталық легіне айналуына  қуатты импульс беретінін атап көрсетті. 2018 жыл – мерейтойлы торқалы жыл, Астана қаласы өзінің 20 жылдығын атап өтеді. Соған орай, мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісовтің айтуынша, Бішкек қалалық кенеші халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі мен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына шақыру мәртебесіне ие болды. Бішкек қалалық кенешінің төрағасы Қанатбек Музуралиев өз кезегінде алғысын білдіре отырып, екі елдің жергілікті басқару органдары жұмысының ұқсастығын ескеріп, өздерінің екі мәслихат арасында тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.Бішкек қалалық кенеші мен Астана қаласы мәслихатының қарым-қатынасын нығайту мақ­сатында өткен ресми кез­­де­судің қорытындысы бойынша Астана қаласы мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісов пен Бішкек қаласы кенешінің төрағасы Қанатбек Музуралиев Ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Теги
Показать больше

Related Articles

Close

Обнаружен Adblock

Пожалуйста, подумайте о поддержке нас, отключив блокировщик объявлений.