Саясат

Премьер-министр жанармай тапшылығына жауапты шенеуніктерге шара қолданды

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсыныс жіберетінін хабарлады. Сонымен қатар Үкімет басшысы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты қызметті босату туралы шешім қабылдады. Бұған қоса «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясының вице-президенті Данияр Берлібаевты да орнынан босату туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Pocket «Мен мынандай шешімдерді қабыдамақпын.Үкімет мүшелеріне тәртіптік шараларды президент қабылдайтындықтан мен мемлекет басшысына Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсныс жасамақпын » деді Премьер. «вице-министрлерге келетін болсақ, ол менің құзырымдағы шаруа. Осыған сүйене отырып Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты қызметінен босатамын. Премьер-министр кеңсесі бүгін осы мәселеге қатысты Үкіметтің тиісті шешімін дайындасын» деп толықтырды Б. Сағынтаев. Үкімет басшысы «Қазмұнайгаз» ҰҚ АҚ вице-президенті Данияр Берлібаевты қызметінен босату туралы да тасырма берді. «Премьер-министр ретінде және «Самұрық Қазына» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы ретінде «Қазмұнайгаз» ҰҚ басқарма төрағасына міндетін лайықты атқармағаны үшін тәртіптік шара қолдану туралы тапсырма жүктеймін»

Close