Елорданың Спорт және дене шынықтыру басқармасы 2016 жылдың үздік басқармасы атанды

2016 жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы республикадағы осы саладағы ең үздік басқарма атанды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды. 

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қолынан марапатты Астана қаласының Спорт және дене шынықтыру басқармасының жетекшісі Берік Маржыкпаев қабыл алды. 2016 жылы Рио-де-Жанейродағы олимпиадада елордалық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті. Олардың арасында бес медаль  бір алтын, екі күміс және екі қола олжалаған боксшылар лайықты өнер көрсетті.

Астана қаласының Спорт және дене шынықтыру басқармасы спортшылардың жаттығуы үшін барлық жағдай жасап отыр. Өткен жылы тарихта алғаш рет Астана спортшылары жеңіл атлетикадан және үстел теннисінен лицензиялар жеңіп алды, бұл елордада спорттың қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.

«Елордалық ұйымдардың алдында жаңа міндеттер қойылып отыр, оларды іске асыру жаңа жеңістерге алып келеді!», — деп атап көрсетті Берік Маржықпаев.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.