БилікҚауырт желіҚоғамӨмір

Елордада коммуналдық қызметтерді төлеуге әлеуметтік көмек көрсетіледі

Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы коммуналдық шығындарды төлеу үшін берілетін әлеуметтік көмек ұсынады. 

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешімімен бекітілген «Астана қаласының жекелеген азаматтар санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» қағидасына сәйкес, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген тұлғаларға Астана қаласында тіркелген және тұрғылықты тұратын азаматтарға коммуналдық қызметтердi, тұрғын үйдi ұстауға, телефонға абоненттiк төлемдердi төлеуге ақшайлай төлемдер бір жылға тағайындалады және өтініш берген айдан бастап ай сайын төленеді.

Әлеуметтік көмек алу үшін жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі); ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдік куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі); мекен-жай анықтамасы; жеке есеп шот ашу хабарламасы немесе келісім шарт қағазын ( 20 санды нөмірмен) (түпнұсқасы және көшірмесі) ұсыну қажет.

Толық ақпаратты Астана қ., Иманбаева көшесі, 16-үй, 9 кабинет мекен-жайы бойынша Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан алуға болады. Анықтама телефондары: 21-65-09, 21-09-48.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.
Показать больше

Related Articles

Close

Обнаружен Adblock

Пожалуйста, подумайте о поддержке нас, отключив блокировщик объявлений.