ЭКСПО-ға дайындық соңғы кезеңде – мемлекет басшысы

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «EXPO-2017» халықаралық көрмесі нысандарының дайындығына баға берді, — деп хабарлайды Elorda.info.

«Дайындық (көрмеге. – Elorda.info) деңгейі жоғары, аяқталуға жақын қалды, орналастыру, нысандарды молықтыру жұмыстары жүргізілуде. Көрменің лайықты деңгейде ұйымдастырылуы әлемдік қауымдастыққа тәуелсіз Қазақстанның тағы бір жетістігін көрсетеді», — деді жұма күні мемлекет басшысы көрмеге әзірлік мәселелеріне арналған кеңесте.
Н.Назарбаев соңғы бес жылда Қазақстандағы аймақтық өнімнің үш есе өскенін, елордаға 4,5 триллион теңге инвестиция құйылғанын атап өтті. Астананың ел экономикасындағы үлесі 12% дейін артты.
«Яғни біз Қазақстанды тағы бір қаламен байыттық – жұмсалған қаражатты мемлекет қазынасына қайтара бастаған қомақты актив. Еліміздің экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі 46 пайызды құрайды — бұл еліміздегі басқа өңірлермен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Астана миллионды қалаға айналды. Тек былтырдың өзінде 2,3 миллион шаршы метр баспана тапсырылды, бүкіл ел бойынша — 10,8, яғни 20% көп. Нәтижесі ретінде, Астана БҰҰ кеңес еткен бір адамның баспанамен қамтылуы деңгейіне сәйкес келеді. Қала маңызды іс-шараларды, сондай-ақ, ғаламдық маңызы бар кездесулерді өткізетін орынға айналды», — деп атап өтті Президент.