Саясат

Астанада қоғамдық кітап сөрелерінің желісі ашылды

Елорда халқын кітап оқуға ынталандыру мақсатында «Bolashak Books» кітап сөресі ашылды, деп хабарлайды «Болашақ» қаумдастығының баспасөз қызметі. «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық кешенінде «Болашақ» қауымдастығының бастамашылығымен «Bolashak Books» жобасының тұсаукесері өтті.«Bolashak Books» жобасы – қолданушылардың кең тобына арналған алғашқы қоғамдық кітап шкафтарының желісі. Жобаның мақсаты – ел ішінде кітап оқу мəдениетін қалыптастыру. Яғни, кез келген адам өз кітабымен бөлісіп, шкафтан кез келген өзіне ұнаған кітапты ала алады. Жобаның спикерлері ретінде «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы міндетін атқарушы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры, саясаттанушы, «Болашақ» Қауымдастығының мүшесі Саясат Нұрбек, олимпиада чемпионы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Серік Сәпиев сөз сөйледі. Спикерлер алғашқылардың бірі болып «Bolashak Books» пилоттық жобасын іске қосып, өздерінің оқыған кітаптарымен бөлісті.

Close