Саясат

Астана әкімі Оң жағалаудағы жекеменшік тұрғын үйлерді сүру бағдарламасын ұсынды

Бүгінгі күнге дейін «Апатты және ескі үйлерді сүру» бағдарламасы аясында республика астанасында 117 екі қабатты апатты үй сүрілді, деп хабарлайды Elorda.info.

«Жинақталған тәжірибені ескере отырып қалалық ортаны қаладағы жеке үйлер мен саяжай алаптарын сүру секілді екі бағыт бойынша реновациялау бағдарламасын іске асыруды ұсынамын. Біз қазір бұл тетіктерді бүге-шігесіне дейін қарап жатырмыз, Сіз (мемлекет Басшысы. – Elorda.info) мақұлдаған жағдайда үкімет, «Самұрық-Қазына» қоры, «Бәйтерек» қорымен бірге аталған жобаны жүзеге асырудың нақты жоспарын ұсынамыз», — деді Әсет Исекешев мемлекет Басшысының қатысуымен өткен ЭКСПО көрмесіне әзірлік мәселелері мен елорданың дамуы жөніндегі кеңесте.

«Апатты және ескі үйлерді сүру» бағдарламасы аясында бүгінгі күнге дейін республика астанасында 117 екі қабатты апатты үй сүрілді, жалпы аумағы 505 мың шаршы метр болатын тұрғын үй кешендері салынды, бұл — 6759 пәтер.

Астана әкімі сонымен бірге, «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында 2017-2021 жылдары 100 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілетінін еске салды, оның 40 мың пәтерінің шаршы метрінің бағасы 230 мың мен 300 мың теңге аралығында болады, 2017 жылы 25 мыңнан астам пәтер тапсырылады.


comments powered by HyperComments
Close