СаясатҚала тіршілігіҚұқықӘкімдік

Әсет ИСЕКЕШЕВ: «Астанада «5 институционалдық реформа» және «Үшінші жаңғырту» президенттік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда»

Мемлекет басшысы жариялаған «Бес институционалды реформа» және «Үшінші жаңғыру» бағдарламаларын тиімді іске асыру үшін Астана әкімдігі қаланы 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасын құрды. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлайды.

Ол екі негізгі мәселеге жауап береді: урбанизацияның жоғары өсімі және көші-қон, экономиканы жаңа технологияларға сай экономиканы бейімдеу, деп хабарлайды, елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев мемлекет басшысының қатысуымен өткен жиналыс қортындысы бойынша отырыс өткізді.

— Ресурс үнемдеуші және энергия тиімді даму моделіне көшу Елбасының тапсырмасына сәйкес жаңа тәсілін құру басталды. Біз ТМД елдері ішінде алғаш болып, халықаралық стандарттарға сай 2 млн халыққа есептелген Астананың Шебер-жоспарын құрудамыз. Бұл инфрақұрылымның және қоғамдық кеңістіктің кешенді және теңгерімді дамуын қамтамасыз етеді, — деді Астана әкімі Әсет Исекешев.

Сонымен қатар, оның сөзінше, көліктік жүйенің жаңа даму моделі, сондай-ақ интернет пен космостық технологияларды қолдану арқылы Бірыңғай сандық 3D-карта құрылып жатыр.

Нысанның барлық өмірлік циклінен ақпараттық модельдеу технологиясы енгізілуде: жобалаудан бастап, пайдалануға берілгенге дейін, яғни 30% пайдалану есебімен құрылыс құны 20%-ға азаяды.

Бұдан бөлек, жылу, су, газ және электр ресурстардың нормативтерін анықтау үшін  әртүрлі деңгейдегі ғимараттар үшін нысанды жоспарлау, құрылыс және пайдалануға беруге қойылатын ресурс үнемдеуші талаптарды жоғарылату жолымен Сингапур және Минск үлгілері бойынша құрылыстың жаңа «жасыл» стандарттары енгізілуде.

— Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін  ҚР ИДМ, Назарбаев университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің және бизнес-қауымдастықтың қатысуымен  қалалық технологиялар құзіреттілік орталығы құрылуда, — деді Ә.Исекешев.

Теги

Статьи по теме

Читайте также...

Close
Close