Саясат

Ә.Исекешев: «Қазақстан Қарулы Күштерінің әскері айбынды, әрі мемлекеттің берік қорғаны»

Астана әкімі қала тұрғындарын Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Elorda.info.

Бұл күн бүгінде барша ел болып атап өтетін маңызды мерекеге айналды, деп атап өтті Ә.Исекешев.

«Халқымыз ежелден-ақ «Ер – ел қорғаны, батыр – халық қалқаны» деп елге сүйеніш, жұртқа пана болған ерлерді ерекше ардақ тұтқан. Жеңіспен өрілген ұлы тарихымыз Отан үшін от кешкен Толағайларға кенде емес. Халық өз батырын құрмет тұтқан. Елдік жолында күрескен ұландар қашан да ұлықтауға лайық», — делінген әкімнің құттықтау хатында.

«Бүгінде өзінің 25 жылдық мерейтойын атап отырған Қазақстан Қарулы Күштерінің әскері айбынды, әрі мемлекеттің берік қорғаны. Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен қорғайтын қырандарымыз көп болғай», — деп атап өтті Астана әкімі.


comments powered by HyperComments
Close