ЖаңалықтарСаясатҚоғам

Астаналық автовокзал 1 млрд теңгеге сатылды

Электронды түрде сатылымға шығарылған елордадағы «Сапаржай-Астана» ЖШС 1 млрд теңгеге өтті. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мемлекеттік реестрінің веб-порталына «Сапаржай-Астана» ЖШС 100% акциясы сатылымға қойылған еді.

Саудаға қоюшы «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ. Жекешелендіру аукцион түрінде өтті. Қатысушыларға 68 070 000 теңге төлеу міндеттелді. Ал, аукциондағы бастапқы баға 484 359 000 теңге. Нәтижесінде «Сапаржай-Астана» ЖШС нақты құны 1 005 151 125,94 теңге болды. Автовокзалдың жаңа қожайындары туралы әзірге ақпарат жоқ.


comments powered by HyperComments
Close