ЖаңалықтарҚала тіршілігіҚоғамӘкімдік

«Астанаэнергосервис» АҚ-на жаңа төраға тағайындалды

Аппараттық кеңесте Астана әкімі Әсет Исекешев жаңа кадрлық тағайындау туралы мәлімдеді. Атап айтқанда, «Астанаэнергосервис» АҚ-ның жаңа басқарма төрағасын қала активіне таныстырды, деп хабарлайды Елорда инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Астанаэнергосервис» АҚ-ның жаңа басқарма төрағасының қызметіне Ардақ Тиес тағайындалды.

Ардақ Тиес бұған дейін ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан даму банкі төрағасының орынбасары, «Астана-Энергия» АҚ төрағасының орынбасары сияқты жауапты қызметтерді атқарған болатын.

Қала әкімі «Астанаэнергосервис» АҚ-ның жаңа басшысына алда атқарар жұмыстарына сәттілік тілеп, KPI енгізу, қаладағы энергокешеннің сенімділігі мен тиімділігін жоғарылату жұмысын жүргізуді жалғастыруды, сондай-ақ, қысқы уақытта жылыту кезеңіне қатысты мәселелерге ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Сонымен бірге, Әсет Өрентайұлы қаланың энергокешенінің дамуына үлесін қосқаны үшін «Астанаэнергосервис» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметінен өз өтініші бойынша босаған Ермек Алимовке алғысын білдірді.

«Атап өту керек, осы жылы энергокешенді дамытудың үш жылдық стратегиясы әзірленіп, енгізілді. Оның аясында тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін (KPI) қолдану жұмысы бастау алды.

Энергокешендегі бизнес процестерді ашықтықпен қамтамасыз ету бойынша біраз жұмыстар атқарылды. Осы жұмыстардың нәтижесінде конкурстық үнемдеу, кассалық алшақтықтың төмендеуі жүзеге асты. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 1,6 млрд теңге көлемінде кіріс түсті», — деп мәлімдеді әкім.

 


comments powered by HyperComments
Close