ЖаңалықтарҚоғамӨмір

Астанада өзен вокзалы мен өзен таксиі ашылады

Аталған жобалар мемлекет басшысының Есіл өзеніндегі кеме қатынасын дамыту туралы тапсырмасы аясында іске асырылуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиаорталығы.

«Қазіргі күні кемежай құрылысының нақты орны белгіленді», — деді Астана әкімдігінің медиа орталығының тілшісіне берген сұхбатында «Астана Есіл» МКК директоры Қанат Алин.
Оның айтуынша, өзен вокзалы порттық тиегіш, блоктар мен қажетті шеберханалармен жабдықталады және Бейсеков көшесінің төменгі жағында болады.
– Елорданың байырғы тұрғындары Есілде кеме жүргенін ешқашан көрген емес. Өзенде теплоходтар жүретіні туралы ешкімнің ойына кіріп те шыққан емес. 2008 жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес «Есілдегі кеме арнасын дамыту» жобасы әзірленді. Бүгінде аталған жоба үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда. 2015 жылы шілдеде Есіл өзені ресми түрде Қазақстанның кеме жүзетін өзендерінің реестіріне енгізілді, – деді Қ. Алин.
Жобаның тағы бір мақсаты — Есіл өзенінде қатынайтын өзен таксиін қолданысқа енгізу. Сыйымдылығы 8 адамдық шағын кемелер жолаушыларды Есіл өзінінің акваторийі шеңберінде қалаған жеріне жеткізетін болады.
Қазір бір ауысымда өзенмен бес жолаушылар теплоход жүреді. Есілдегі кеме қатынасы маусымы — алты ай. Осы уақыт ішінде 20 мың жолаушы теңізбен серуендей алады.

Теги

Статьи по теме

Close